Ақтөбеде «Урал» мотоциклі аударылып, 43 жастағы тұрғын көз жұмды
Байғанин ауданының Ноғайты ауылында «Урал» мотоциклі аударылып, 43 жастағы тұрғын көз жұмды.
13:27 21.04.2021
Байғанин ауданы Ноғайты ауылының 43 жастағы тұрғыны «Урал» мотоциклімен мал іздеуге шыққан. Ол рульге ие бола алмай, оң жағына аударылған, деп жазады ҚазАқпарат.
«Көптеген ауыр дене жарақатымен ер адам Байғанин ауданының орталық ауруханасына жеткізілгенімен, көз жұмды. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!