Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанның бас санитар дәрігеріне сөгіс жарияланды
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі – еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовқа сөгіс жарияланды.
16:08 21.04.2021
Бұл туралы Nur Otan партиялық бақылау комитетінің басшысы Артур Платонов Faceboоок парақшасында хабарлады. Депутаттың айтуынша, адамдар оған әлеуметтік желі арқылы шағымданған. Платоновтың сөзінше, Nur Otan-ның мүшелері партияның рәміздерін пайдалануға, соның ішінде төсбелгілерін тағуға міндетті.
"Кей мырзалар партия қойған міндеттерге сәйкес келмейтіндіктен азаматтардың алдында өз жұмысынан ұялатын сияқты. Сондықтан төсбелгі тағуға ұяла ма? Немесе костюмін бүлдіргісі келмей ме?", – деді Артур Платонов.
Ерлан Қиясовтан басқа Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов, Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров жазаланды. Комитет төрағасының айтуынша, сайлаушылар Nur Otan төсбелгісі жоқ шенеуніктерге жиі шағымданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram