{metadescription}
Экс-министр Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді

Экс-министр Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді

Экс-министр Елжан Біртановқа қатысты үй қамақ мерзімі ұзарды, алайда белгілі бір уақытқа үйінен шығуына рұқсат берілді.

Ақпаратты Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко растады.

"Санкция бойынша, екі аптаға созылды, 14 мамырға дейін. Үйден 08.00 мен 19.00 аралығында шығуына рұқсат етілді", - дейді адвокат. 

Бұған дейін Біртановты отбасы мүшелері мен адвокатынан басқа адамдармен сөйлесуге толық тыйым салынған болатын. Экс-министр туыстарымен араласып тұруға рұқсат сұрады.

Айта кетейік, 2020 жылдың қарашасында бұрынғы денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов қамауға алынды. Оған "бюджет қаражатын аса ірі көлемде ысырап етті" деген айып тағылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.