{metadescription}
Нұр-Сұлтанда тұтас бір аудан жарықсыз қалды

Нұр-Сұлтанда тұтас бір аудан жарықсыз қалды

Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданында апаттық жағдайға байланысты электр қуаты сөндірілді, деп хабарлайды "Астана-АЭК" мекемесі.

"2021 жылы 21 сәуірде сағат 12:51-де "ПНФ" қосалқы станциясындағы 112 РП-76 ұяшығы мен 3-ұяшықта апатты жағдай анықталып, электр энергиясын беру тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Күйші Дина көшесі мен Момышұлы даңғылы, Сәтбаев көшесі, Ақ-Бұлақ шағын ауданы, Оңтүстік-шығыс мөлтекауданының оң жақ қанаты, Қордай, Сарытау, Түлкібас көшесі мен Шабыт тұйық көшесі электр қуатынан ажыратылды.

"Астана-АЭК" кәсіпорнының хабарлауынша, арнайы бригадалар қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Жөндеу жұмыстары сәрсенбі түстен кейінгі уақытта аяқталады деп жоспарланған.

Дереккөз: Sputnik
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.