{metadescription}
Шымкент тұрғыны қызғалдақ жұлғаны үшін 9 миллион теңге төлеуі мүмкін

Шымкент тұрғыны қызғалдақ жұлғаны үшін 9 миллион теңге төлеуі мүмкін

Түркістан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады.

Бәйдібек Аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау қызметкері, полиция капитаны Алмас Серіков пен учаскелік инспекторлар Ақбастау ауылының жанындағы жайылымда жабайы қызғалдақ теріп жатқан ер адамды байқаған. Құжаттарды тексеру кезінде оның Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Тәртіп сақшылары тұрғынға гүл шоқтары Қызыл кітапқа енгізілген болуы мүмкін екенін айтып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Заттай дәлел ретінде тәркіленген 6 қызғалдақты полиция сараптамаға жіберді.

"Сайрам-Өгем" мемлекеттік табиғи саябағы өкілдері қорытындысына сәйкес, жұлынған гүлдер – Қазақстанның Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдақтары", - деді ведомство өкілдері.

Айыпталушыға қатысты ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Полицейлер Қазақстанның Қызыл кітабына енген гүлдерді жұлғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

"Мысалы, бап санкциялары 3000 АЕК (8 миллион 751 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны көздейді. Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ мүлкті тәркілеп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін", - деді полиция қызметкерлері.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.