{metadescription}
Елде коронавирусты қайта жұқтырған 800 адам тіркелді

Елде коронавирусты қайта жұқтырған 800 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру көрсеткіші күрт өсті.

Бұл туралы  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлімдеді.

"Бүгінде зерттеу материалдары мен статистикалық мәліметтерге сәйкес, шамамен, 800 адам ауруды қайта жұқтырған. Эпидемиологтар мен арнайы мамандар консилиум өткізіп, әрбір жағдайды жеке-жеке зерделейді. Осы жұмыстың қорытындысын жариялайтын боламыз", - деді Ахметова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова республикада коронавирусты қайта жұқтырудың екі жағдайы ресми түрде расталғанын хабарлады. Бұл жаңа штамдардың пайда болуына байланысты екенін айтқан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде