Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
QazVac вакцинасының бағасы белгілі болды
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның бағасын айтты.
15:10 22.04.2021
Препараттың түрік зауытында құйылып жатқанын ескеріп, тілшілер Тоғжановтан "қазақстандық вакцина Түркия азаматтарына салына ма" деп сұрады.
"Болашақта елдегі қажеттілік жабылған кезде (қазақстандық вакцина қолжетімді болады. - авт.ескерт.) тек Түркияға емес", - деді Тоғжанов.
Сондай-ақ, вице-премьерден қазақстандық вакцина басқа елдер үшін қанша тұратынынын сұрады.
"Оны есептейді. Ішкі есептеулеріміз бойынша 4,7 доллар деңгейінде. Түркиямен басқаша есеп жүргізіледі", - деді Ералы Тоғжанов.
Айта кетейік, қазақстандықтар үшін вакцинация тегін. Қазақстанда QazVac препаратымен вакцинация 26 сәуірде басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram