Асқар Маратұлы «КазАвтоЖол» басшысы болып тағайындалды
Асқар Маратұлы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
19:50 22.04.2021
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті
Ол 1976 жылы дүниеге келді. ШҚО Техникалық университетінде «экономика және транспорттағы менеджмент» мамандығын, сондай-ақ Л. Гончаров атындағы Қазақ автокөлік-жол университетінде «автокөлік жолдары мен аэродромдар құрылысы бойынша инженер» мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған.
1998-2002 жылдары Көлік және коммуникациялар министрлігінде жетекші маман, кейіннен бас маман, бөлім басшысы, Автомобиль жолдары басқарма комитеті басшысының орынбасары болды.
«Казахавтодор» Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары филиалдарының директоры қызметтерін атқарды.
2007-2012 жылдары Астана қаласы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің сарапшысы болды.
2012-2015 жылдары Ақмола облысы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2015-2017 жылдары Зеренді ауданының әкімі болды.
2017-2019 жылдары Ақмола облысы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2019 жылдың 3 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Жақында «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары