Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Солтүстік Қазақстанда бірнеше үй өртеніп кетті
Ауылда шамамен қырық үй бар, 150-ге жуық адам тұрады.
11:47 03.05.2021
Баспанасыз қалған тұрғындар көршілері мен туыстарын паналады. Солтүстік Қазақстан облысында дала өртінен шағын ауылдағы бірнеше үй түгі қалмай өртеніп кетті. Төтенше жағдай 2 мамырда Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округінің Желяково ауылында болды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, жайылым өртенген, қатты желден өрт өршіп, ауылды шарпыған.
Елді мекенде жеті үй өртенген. Ауылда шамамен 40 үй бар, 150-ге жуық адам тұрады. Баспанасыз қалған тұрғындар көршілері мен туыстарын паналады. Қазір зардап шеккендерге көмек жиналып жатыр. Жергілікті тұрғындар ақша қажет емес екенін айтты.
Өрт сөндіруге үш өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары және жергілікті атқарушы органнан – 50 адам және 15 техника жұмылдырылды. Сол күні күші секундына 28 метрге дейін жеткен дауыл олардың жұмысын қиындата түсті. Салдарынан 3 тұрғын үй, 3 бос тұрған үй және аумағы 501 шаршы метр болатын шаруашылық нысаны жанып кетті.
Өрт тек сағат 20.25 минут кеткенде толық сөндірілді. Қаза тапқандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша, отты абайсыз қолдану себеп, белгісіз біреулер қураған шөпті өртеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram