{metadescription}
Сарқырамаға қараймын деп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Сарқырамаға қараймын деп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Үлгілі сарқырамасына құлаған азаматтың жағдайы ауыр 45 жастағы азамат Ақмола облысындағы Үлгілі сарқырамасына құлап кетті.

Табиғатты тамашалауға келген саяхатшының табаны тастан тайып кеткен. Ауыр жарақат алған ол облыс ауруханасына жеткізілді. Көктемде Үлгілі сарқырамасының ағыны қатты. Табиғаттың әсем көрінісін тамашалауға жан-жақтан жиналатын жұрт та көп. Сарқырамада биыл оқыс жағдай осымен  екінші рет болып отыр. Бұған дейін селфи жасамақ болған әкесі мен қызы суға құлап  аман қалған.

45 жастағы көкшетаулық азамат оңбай жараланған Отбасымен демалуға келген оны асау өзен ағызып әкеткен. Тастан тасқа ұрылып, басы жарылып, сүйегі сынған. Қазір ол облыс ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

"Науқасты жедел жәрдем бригадасы жеткізді. Диагнозы: қосарланған сынық жарақаттары. Бірнеше қабырғасы, иық сүйегі сынған. Өкпесі зақымданған. Төсінде де зақым бар, тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр", - деді Ақмола облысы ауруханасы директорының орынбасары Дмитрий Чайков.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде