{metadescription}
ШҚО-да балалар лагерлерінің жұмысына рұқсат берілді

ШҚО-да балалар лагерлерінің жұмысына рұқсат берілді

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

«COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған келесі санаттағы азаматтар профилактикалық мақсатта ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтеді: мерзімді әскери қызметке шақырылғандар, стационарға жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызылған пациенттер, науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылғандар, медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан кіретін қызметкерлер, еңбек демалысынан, іссапардан, науқастануына және басқа да себептерге байланысты жұмыс орнында 5 және одан да көп күн болмаған медицина қызметкерлері», - делінген құжатта.

Өскемен, Семей қалаларын және Аягөз ауданын қоспағанда, облыстың барлық өңірлеріндегі ғимараттардың сыртындағы базарларға аптаның барлық күндері шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілді.

«Балалар сауықтыру лагерлеріне толтырылуы 50%-дан аспаған кезде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық іс-шараларды ашық ауада өткізуге болады. Бірақ маска режимі мен бір адамға кемінде 4 шаршы метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс. Бұқаралық спорттық шараларды өткізгенде ғимараттың толуы 30%-дан аспауы қажет», - делінген қаулыда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.