Алматыдан шығысқа қарай 320 шақырым жерде жер сілкінісі болды
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 8 мамыр күні Алматы уақытымен 08 сағат 53 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.
11:17 08.05.2021
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 320 шақырым қашықтықта, Қытай мен Қазақстанның шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,5, магнитудасы – 4,1. Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!