Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
11 жасар қыз педофилден қашып құтылды
Он бір жастағы қыз арам пиғылды ер адам өзін ұрлап кетпек болған кезде автобус күтіп отырған.
13:00 20.05.2021
АҚШ-тың Флорида штатында ер адамның баланы ұрлау әрекеті видеоға түсіп қалған. Полиция күдіктіні ұстады. Бұған дейін округ полициясы Facebook парақшасында 18 мамырда түсірілген видео жариялады. Ол жерде ер адамның көлігінен түсіп, 11 жастағы қызға жүгіріп барғаны, оны көлікке күштеп отырғызуға тырысқаны түсірілген.
Автобус күтіп тұрған қыз қарсылық көрсетіп, қашып үлгерді. Кейіннен полиция кішкентай қызға шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол баланы ұрлауға ұмтылу, шабуыл жасау және ұрып-соғу әрекеті бойынша айыпталды.
Округ полициясы шерифінің сөзінше, ұсталған ер адамда пышақ болған. Сондай-ақ оның бұрын балаларға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны анықталды.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram