Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды
Қызылорда облысы Арал ауданы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды.
19:41 31.05.2021
"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" күре жолының бойында ауыр автокөлігі мен жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан төрт адам көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жол апаты түн мезгілінде орын алған. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" күре жолының 1466 шақырымында екі көлік соқтығысқан. Қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
"Аталмыш жол апатына байланысты, ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза болған, тағы бір азамат дәрігерлердің бақылауында", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!