{metadescription}
Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

27 жастағы ер адам жүргізген көлік жолдың жиегіне аударылды.

«31 мамыр күні сағат 23:10-да Ефремовка-Луганск күре жолының оныншы шақырымында, Павлодар ауданының Луганск ауылының жанында «Тойота Естима» көлігінің 27 жастағы жүргізушісінің көлікті басқара алмауы салдарынан автомобиль жолдың жиегіне аударылып қалған. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалған. Көлік айыппұл тұрағына кіргізілді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.