Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмола облысында мотоциклші жол апатынан көз жұмды
Ақмола облысында мотоциклші жол апатына ұшырап, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
16:19 01.06.2021
Ведомствоның мәліметінше, 31 мамырда «Көкшетау – Омбы» автожолының бойында «Көкшетау-2» стансасының тұсында Racer мотоцикілі жол апатына ұшырады. Елорда тұрғыны 41 жастағы мотоциклші рульге ие бола алмай, қисық сызықты брусқа соғылды.
«Мотоциклші Ақмола облыстық ауруханасына жатқызылды. Алайда, ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды», - деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары мотоцикл жүргізушілеріне арнайы қорғаныс киімдерін киюге және жолда жүргенде сақтық шараларын естен шығармауға шақырады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram