{metadescription}
Түркістан облысында жоғалған туристердің сөмкесі табылды

Түркістан облысында жоғалған туристердің сөмкесі табылды

Түркістан облысындағы Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстады. Облыстық ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Аймаққа «Қазавиақұтқару» АҚ 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалуда.

«Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, Полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 бірлік техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

;

Еске салсақ, 25 мамырда кешке Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабар түсті. Жоғалған үш турист аман табылса, Өгем өзенінен екеуінің мәйіті табылған болатын. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде