Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сағыздан көз жұмған қыздың анасы басқаларға абай болуды ескертті
Ұлыбритания тұрғыны сағыздың қаупі туралы ескертті.
21:00 01.06.2021
Өйткені қызының өліміне кінәлі сағыз деп біледі. 19 жастағы Саманта Дженкинс 2011 жылдың маусым айында қайтыс болған. Анасы Мария Морган:
"Бұл күн кешегідей есімде. Мен ас үйде шай жасап жатқан едім, үстел басында күнделікті әңгімелер айтып отырғанбыз, ал ол өзін нашар сезінетінін айтқан еді", - дейді анасы Мария Морган.
Мария бұның күннің ыстығына байланысты екенін айтып, қызына су ішіп, жатуға кеңес беріпті. Қызы өз бөлмесіне бет алған кезде есінен танып қалған. Ауруханаға жедел жеткізген кезде, комаға түсіп, артынша қайтыс болған.
Дәрігерлер қыз уланған деген сенімде болған. Бірақ аутопсия кезінде оның асқазанынан төрт-бес ашық жасыл сағыз табылды. Тергеуді қорытындылай келе, қыздың өлімі сағызбен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Анасы қызының сағызды қатты жақсы көретінін және күн сайын бір-екі пакет шайнайтынын айтады. Қыз қайтыс болғаннан кейін оның бөлмесінде ондаған орамалар мен бос пакеттер табылды.
"Оның әр сөмкесінде, жатын бөлмесіндегі әр қорапта сағыздың сырты, бос сағыз қораптары болды", - деді анасы.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram