{metadescription}
Павлодарда көлік ағашқа соғылып, бір жолаушы мерт болды

Павлодарда көлік ағашқа соғылып, бір жолаушы мерт болды

Павлодар автожолында қайғылы оқиға болды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусым күні сағат 23.00-де "БМВ" автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Көлік ағашқа және жарықтандыру тірегіне соғылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жолаушы ауруханада есін жимастан көз жұмды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізіледі", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Дереккөз: pavlodarnews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде