{metadescription}
Шарын шатқалындағы трагедия: сотқа дейінгі тергеу басталды

Шарын шатқалындағы трагедия: сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматы облысының полициясы сотқа дейінгі тергеу кімге қатысты басталғанын нақтыламады.

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан кейін полиция екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. 

"Екі қылмыстық бап (306 - бап 3-б.және 141-бап 2-Б.) бойынша тергеу басталды. Олар: 306-баптың 3-бөлімі - абайсызда кісі өліміне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, 141-баптың 2-бөлімі - абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау", - деп атап өтті ведомствода.

Қылмыстық кодекстің 141-бабының екінші бөлігінде (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) міндеттерді дұрыс орындамау кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан әрекет қарастырылған. Кінәліге бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы көзделген.

Қылмыстық кодекстің 306-бабының үшінші бөлігі (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Алайда полиция өкілдері кімге қатысты тергеу басталғаны туралы нақтыламады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.