Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылордада 2 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті
Қызылорда қаласында екі жасар бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті.
16:14 02.06.2021
Оқиға бүгін, 2 маусымда сағат 10.20-да облыс орталығында орналасқан Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы бес қабатты үйде болды.
«Сәби ата-анасының бақылауынсыз қалған. Салдарынан үшінші қабатағы терезеден құлап кеткен. Ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Соңғы төрт жылда осындай оқиғалар салдарынан 2 бала қаза тауып, 20 бала түрлі дене жарақатын алған. Атап айтқанда, 2018 жылы - 4, 2019 жылы - 7, 2020 жылы - 6, биыл 5 бала осындай келеңсіз жағдайға ұшырады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram