{metadescription}
БҚО-да жас жігіт суға батып кетті

БҚО-да жас жігіт суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 маусым күні Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде болды.

Сағат 09.50-де 1994 жылғы жігіт шомылуға жабдықталмаған жерде Көшім каналына түсіп, батып кеткен. Марқұмның денесі БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының (6 адам, 1 техника, 1 жүзу құралы) күшімен сағат 11.17-де судан шығарылды.

Биыл осымен Батыс Қазақстанда 9 адам суға кетсе, соның екеуі – бала. БҚО ТЖ департаменті суға түскенде, қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керектігін тұрғындар есіне салады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде