Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Aсханадa 22 адам тамақтан уланды
Бішкектегі Московская көшесі, 136 мекенжайында орналасқан «№1 асхана» кафесінде жаппай тамақтан улану оқиғасы тіркелді.
17:54 02.06.2021
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, улану салдарынан 22 адам ауруханаларға, оның ішінде 9 адам Токмок ауруханасына және 13 науқас Шу Біріккен ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық. Науқастардан сұрастыру барысында олардың барлығы 25-26 мамырда осы тамақтану орнында бризоль жегені белгілі болды.
Оқиға орнына мамандар барып, сынамалар алынды, қоздырғышты анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, кафеге 15 мың сом айыппұл салынып, болған жағдайдың барлық себеп-салдары анықталғанға дейін жабылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram