{metadescription}
Газ баллоны жарылып, 7 адам мерт болды

Газ баллоны жарылып, 7 адам мерт болды

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында тұрмыстық газ баллоны жарылып, жеті адам опат болды, тағы жеті адам зардап шекті.

Екі үйді қиратқан жарылыс Уттар-Прадеш штатының әкімшілік орталығы Лакхнаудан шығысқа қарай 158 км жерде орналасқан Гонда ауданындағы Тикри ауылында болған.

«Кеше кешке бізге цилиндрдің жарылғаны туралы қоңырау түсті. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің төбесі құлаған. Біз оқиға орнына бірден жеттік және жергілікті тұрғындардың көмегімен құтқару жұмыстарын жүргіздік. Үйінділер астынан 14 адам шығарылды, олардың жетеуі қаза тапқан, ал тағы жетеуі ауруханада емделуде», - деді БАҚ-қа полицей Сантош Кумар Мишра.

Оның айтуынша, мерт болғандардың арасында екі ер адам, екі әйел және үш бала бар. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.