{metadescription}
БҚO-да найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті

БҚO-да найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысында найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 маусым күні сағат 04.30-да Ақжайық ауданы Мерген ауылында болды. М.Әуезов көшесі 25/2-мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында гараж бен «ВАЗ-2108» автокөлігі отқа оранды. Өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жау» №10 өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен сағат 05.33-те оқшауланып, 05.46-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда, өрт найзағай түскеннен шыққан. Өңірде 3 маусымға қараған түні найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.