Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ислам Әбішев бостандыққа шығады
Пара алды деген айыппен бес жылға сотталған ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев бір жарым жылдан кейін шартты түрде бостандыққа шықты.
14:08 03.06.2021
Бұл ақпаратты Әбішевтің қорғаушысы Ерлан Макенов растады.
"Бүгін қалалық сот қаулыны жариялап, Байқоңыр сотының шешімін атап өтті және Әбішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. 2020 жылдың желтоқсанында Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді. 72-бапқа ("Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату") 8-тармақ қосылды, енді сыбайлас жемқорлық үшін айыпталып, жасы алпыс үштен асқан ер адамдар шартты түрде мерзімінен бұрын босай алады", - деді адвокат Ерлан Макенов.
Адвокат Әбішевтің 65 жасқа толғанын, бұдан басқа оның ешқандай заңбұзушылықтары жоғын айтты, бұл сот шешіміне негіз болған.
Еске салайық, Ислам Әбішев 2020 жылы 18 ақпанында Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бұрынғы вице-президенті Серік Төкиевпен бірге сотталған болатын. Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әбішевті 5 жылға, Төкиевті 4 жылға бас бостандығынан айырып, белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салған еді. Екеуі 60 миллион теңгеден астам ақшаны бопсалау жолымен пара алды деп айыпталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram