Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанай облысында білім бөлімінің басшысы асылып өлді
Қостанай облысы Меңдіқара ауданындық білім бөлімінің бастығы Қалыбек Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсады.
15:48 03.06.2021
"ТоболИнфо" дерегінше, қайғылы оқиға 2 маусымда Боровское ауылында болған. Қалыбек Жүгінісов 2 аптаға жуық үй қамауында болған, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген екен. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. 2 маусымда әйелі Қостанайға кеткенде ол үйде жалғыз қалып, кешке туыстары оны асылып қалған күйінде тапты.
"Қалыбек Байжанұлы - Қызылорда облысының тумасы. Арал қаласынан. 2015 жылы Қостанай облысына келіп, Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал үш жыл бұрын аудандық білім бөлімінің басшысы қызметіне қойды. Біздің ұжым оны қатты құрметтеді. Ол өте жауапты адам болды. Көмек беруден бас тартпайтын, білім үшін, ұжым үшін, жұмыс үшін қызмет етті. Оның қазасы бізге ауыр тиді. Туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз", - дейді Мендіқара аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров.
Қалыбек Жүгінісовтің зейнетке шығуына үш жыл қалған еді. Оның артында әйелі мен үш ересек баласы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram