Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Батыс Қазақстанда екі баланы жылан шақты
Осындай жағдайдан кейін облыстық көпсалалы балалар ауруханасы директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Қарлығаш Дустаева мұндай жағдайда не істеу керек екенін айтты.
18:23 03.06.2021
"Үш жастағы науқаста ісіну және гиперемия түрінде реакция пайда болды. Ата-анасы оны дереу ауруханаға әкелді. Дәрігерлердің жедел көмегі ойдағыдай болды және зерттеу нәтижесінде шағудың улы емес екені анықталды. Сондай-ақ биыл осындай тағы бір жағдай болды: жылан үш жасар баланы шағып алған", – дейді ол.
Дустаеваның айтуынша, Батыс Қазақстанда жыл басынан бері тіркелген екі жағдайда да балаларды жылан шағып алғаннан кейін барлық қажетті көмек көрсетіліп, стационардан шығарылған. Жаз мезгілінде мұндай жағдайдың жиі кездесуі мүмкін екенін қаперге салған маман жылан шаққанда істелетін шараларды атап өтті.
"Ең алдымен, шаққан жерінің үстін байлап, дереу ауруханаға келу керек. Ол жерді медициналық қызмет көрсетіледі. Жыланның шағуы өте қауіпті болғандықтан, тіпті адам өліміне әкеп соқтыруы да мүмкін", – деді Дустаева.
Ол сондай-ақ аймақ тұрғындарынан мұқият болуды сұрады. Өйткені кейінгі кезде әртүрлі жарақат алып ауруханаға түсетін балалар көбейген. Айтуынша, жазғы демалыс басталғаннан бері жарақат пунктіне тұрғындар тәулік бойы келуде. Қазірдің өзінде 30 төсекке арналған бөлімшеде 35 бала жатыр.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram