{metadescription}
Мексикада COVID-19-бен ауырған науқастан «қара зең» анықталды

Мексикада COVID-19-бен ауырған науқастан «қара зең» анықталды

Мексика штатының дәрігерлері қант диабетімен ауыратын 34 жастағы ер адамда мукормикоз анықтады.

Ауру белісі науқас COVID-19-бен ауырғаннан кейін пайда болды, қазір науқастың өміріне қауіп төніп тұр.

«Оториноларинголог дәрігер оған мукормикоз, «қара зең» диагнозын қойды. Оған жедел түрде ота жасау керек», – дейді науқастың ағасы.

Грегорио Авендаьоға 10 мамырда COVID-19 диагнозы қойылған. Қант диабетіне қарамастан, ол аурумен жақсы күресіп, емделген соң жұмысына қайта оралды. Авенданьоның жағдайы 26 мамырда нашарлап, үш күннен кейін ауруханаға бет нервтерінің сал ауруымен жеткізілді. 1 маусымға дейін науқас сөйлей алмай қалды, енді дәрігерлер оның сол көзін алып тастайды.

Мукормикоз немесе «қара зең» – бұл саңырауқұлақ инфекциясынан туындаған асқыну.  Ауру қант диабетімен ауыратын адамдарға, сондай-ақ аурумен күрескеннен кейін иммунитеті төмендейтіндерге, атап айтқанда коронавирусқа өте қауіпті. Жақында Үндістан мен Иракта аурудың өліммен аяқталатын жағдайлары анықталды.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.