{metadescription}
4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін Қазақстан халқы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді.

Осыдан тура 29 жыл бұрын, нақты айтқанда 1992 жылдың 4 маусымында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойған еді. Ал «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.

Мемлекеттік рәміздердің авторы кім

1992 жылы мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобы құру туралы қаулы қабылданып, арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлері кірген. Содан кейін елтаңба, ту, әнұран жобасын жасауға конкурс жарияланды.

Рәміздердің үлгісі бойынша конкурсқа 600-ден астам адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік ту эскизі бойынша 1200 өтінім түскен. Оның ішінде суретші Шәкен Ниязбеков салған мемлекеттік ту бекітілді.

Елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 кескіндемесі  ұсынылды. Елтаңба жобасы конкурсында сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегі үздік деп танылып, қазіргі нұсқа бекітілді.

2018 жылы елтаңбада "Қазақстан" жазуы латын графикасымен QAZAQSTAN деп берілетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде