Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда тапа-тал түсте көшеде қызды тонап кетті
Алматыда тал түсте көшеде қызды тонап кеткен сәт видеоға түсіп қалды.
17:07 04.06.2021
Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Белгісіз ер адам қызды тонаған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Кадрларда, үстіне спорттық киім киіп, басына капюшон киген ер адам қызды жұлқып қолындағы телефонынын таптып алып кеткені көрінеді. Қыз өзін қорғауға тырысқанмен, ер адам бой бермейді. Ол қызға жақындап келіп, ашық түрде қорқытып, жерге итеріп жіберген.
"Бүгін таңертең 9.31-де. Айвазовский көшесінде жеке секторда тонау болды", - дейді желіде жарияланған жазбада.
Полиция бұл факті қылмыстық кодекстің "тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімімен тергеліп жатқанын айтты.
"Қылмыс бүгін таңертең жеке секторда болды. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушының жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізілуде. Оны қолға түсіру - уақытты қажет етеді", - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Сондай-ақ, ДП бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел қызметкерлер мұқият зерттейтінін қосты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram