{metadescription}
Алматы облысында тұрып, Көкшетаудағы сауда үйін «жармақшы» болған күдікті ұсталды

Алматы облысында тұрып, Көкшетаудағы сауда үйін «жармақшы» болған күдікті ұсталды

Көкшетаудағы сауда үйіне «жарылғыш зат» қойылғандығы туралы жалған хабар берген күдікті ұсталды.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы сәуірдің 7-де белгісіз біреу Көкшетау қаласындағы «Арбат» сауда үйінің аумағына «жарылғыш зат» қойылғандығын хабарлаған. Айтылған жерге барлық күш құрылымдары, шұғыл және арнайы қызметтер жіберілді, қызметтік техника жұмылдырылды, жақын маңдағы аумақ қоршалды. Іздеу шараларын жүргізу нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ. Осыған байланысты ПД тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 273 бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі іс тергеу шараларын қолға алды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысы ПД экстремизмге қарсы іс - қимыл басқармасының, Көкшетау полиция басқармасының қызметкерлері Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Есік қаласының аумағында бұрын бірнеше рет сотталған 42 жастағы алматылықты ұстады», - делінген жұма күнгі хабарламада.

Осы ретте, тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 273 бабына сәйкес «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын және бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін еске салады.

Айта кетейік, Ақмола облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының дерегі бойынша, тек соңғы үш жылда облыс аумағында салынған жарылғыш құрылғылар туралы 15 жалған хабарлама тіркелген, оның ішінде 2019 жылы – 10 факт, 2020 жылы - 2, 2021 жылы-3.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.