Жантүршігерлік оқиға: көлікте отырған екі адам тірідей жанып кетті
Ең жақын өрт сөндіру бекеті 45 шақырым жерде болған.
16:14 04.06.2021
Екі әйел өртенген көліктен шыға алмай көз жұмды. Алматы облысындағы Алматы-Қорғас тас жолында көлік өртеніп кетті. Өртте екі әйел қаза тапты. Әлеуметтік желіде жалынға оранған шетелдік көліктің видеосы пайда болды. Автор көлікте екі әйел болғанын айтады. Олар салоннан шығып үлгермей, тірідей жанып кетті.
"Мен қолымнан келгенше көмектесуге тырыстым. Менің жақсы және қымбат ұнтақты өрт сөндіргішім мұндай жалында көмектесе алмады. Көліктер жанымыздан өтіп жатты. Екі әйел тірідей өртеніп кетті, жүргізуші қашып құтыла алды. Мейірімді және адамгершілікті болыңыз. Жүргізушілер, көлікте өрт сөндіргіш пен дәрі қобдишасын ұстаңыз", - деді оқиға куәгері.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі автокөліктің 3 маусымда Еңбекшіқазақ ауданындағы Алматы-Қорғас тас жолының 82-ші шақырымында өртенгенін растады.
"Ақпарат сағат 17.59-да келіп түсті. Оқиға орнына төрт қызметкер мен бір техника аттанды. Ең жақын өрт сөндіру бекетінен қашықтық 45 шақырымды құрады. Көліктен екі жолаушының өртеніп кеткен денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтау үшін оқиға орнына өрт-сынақ зертханасы шақырылғанын атап өтті. Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!