Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
14 күн карантинде отырады: бас санитар дәрігер жаңа қаулы шығарды
Құжатта кейінгі 14 күнде Үндістанда болғандар елге оралған соң, екі апта үй карантинінде болу керектігі атап көрсетілген.
19:03 04.06.2021
Үндістаннан Қазақстанға оралған жолаушылар екі апталық карантинде отыруы керек. Мұндай шешімді елдің мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қабылдады. Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар да, COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін ПТР тапсырғандар да екі апта үй карантинінде болады. Атап айтқанда, кейінгі 14 күнде Үндістанда болып, Қазақстанға келген адамдар екі апта үй карантинінде отыруы керек.
"Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен Covid-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың және коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғанына қарамастан жүргізіледі", – делінген құжатта.
Жаңа қаулының толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқуға болады. Айта кетейік, құжат 5 маусым сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram