Қазақстан жастары Бельгияға жол берді
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Бельгияға қарсы өткізді.
09:39 05.06.2021
Аталған кездесу Ақтөбе қаласында өтті. Қазақстандық белгілі маман Қайрат Нұрдәулетов жетекшілік ететін жастар құрамасы қарсыластарына 1:3 есебімен жол берді. Бельгиялықтар сапынан Килин Сарделла - 28, Амаду Онана - 45, Лоис Опенда 75-минуттарда соққан голдарға қазақстандық Абылайхан Жұмабек 43-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы I тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бельгия, Дания, Шотландия, Түркия құрамалары. Жастар ендігі ойынын 7 қыркүйекте өз алаңында Данияға қарсы өткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!