{metadescription}
Тоқтай алмаған: Алматыда жеті жасар бүлдіршін қайтыс болды

Тоқтай алмаған: Алматыда жеті жасар бүлдіршін қайтыс болды

Жүк көлігінің жүргізушісі қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды жүргізуші тым кеш байқаған.

Самокат мінген қызды жүк көлігі қағып кетті. Оқиға Алматының Алатау ауданында болды. Жүргізуші қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды тым кеш байқаған. Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы Ақсу көшесінің бойында болған.

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Jac жүк көлігі Ақсу көшесімен батыс бағытқа қарай келе жатқан. Қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды жүргізуші тым кеш байқаған. Алайда, тоқтауға тырысқан әрекеті нәтижесіз болып, бүдіршінді басып өткен.

2013 жылы туған қыз жарақат салдарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері, тергеушілер мен криминалистер оқиға орнында тиісті жұмыстар жүргізуде.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде