Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда
Құтқарушылардың "Сайрам-Өгем" паркіне қарасты тауда түнеп, шатқалдарды аралап жүргеніне 10 күннен асқан.
11:04 05.06.2021
Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен 7 туристің қалған екеуін іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі. Тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Сегізге бөлінген жұмысшы топтар "Сайрам-Өгем" паркіне қарасты тауда түнеп, шатқалдарды аралап жүргеніне 10 күннен асқан. Олар бүгінге дейін 800 шақырымға жуық аумақты жаяу тінтіген. Сондай-ақ, "Казавиақұтқару" АҚ тікұшақтарымен 5 670 шаршы метрді шолып шыққан.
Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, ҰҚК шекара қызметі, орман шарушылығының мамандары және Өзбекстан Республикасынан 112 қызметкер, 11 бірлік техника жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 24 мамыр күні "Сайрам-Өгем" паркінің тауларына серуендеуге шыққан 7 азамат жоғалып кеткен еді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар оның үшеуін қиындықтан дін аман құтқарса, екеуінің денесін тапты. Қалғандары іздестіріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram