{metadescription}
Түркістан облысында тауда адасып кеткен адамдар құтқарылды

Түркістан облысында тауда адасып кеткен адамдар құтқарылды

Тікұшақпен іздеу нәтижесінде табылған үш адам Шымкент қаласының әуежайына жеткізіліп, медициналық тексерістен өткізілді.

Түркістан облысындағы Біркөлік тауында адасып кеткен үш турист құтқарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Үш туристің адасып кеткені туралы хабар 6 маусымда сағат 15.40-та Төлеби ауданының "101" қызметінің басқару пультіне түскен. Адасып кеткен үш адамның бірі 1993, қалғаны екеуі 1994 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

"Олар Біркөлік шатқалы бағытындағы сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен. Кейіннен олардың бірі ауырып қалып өздігінен таудан түсе алмайтын хәлге жеткен", - делінген хабарламада.

16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиаспас" мекемесінің Mи-8 ұшағы мен жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы жіберілген. Тікұшақпен іздеу жұмыстары нәтиесінде үш адам табылып, құтқарылды. Олар Шымкент қаласының әуежайына жеткізіліп, медициналық тексерістен өткізілді.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде