Павлодарлық оқушы биылғы ҰБТ-дан алғашқы болып 140 балл жинады
Биылғы ҰБТ тапсырғандар арасында павлодарлық түлек Данияр Уәлиев бірінші болып ең жоғарғы –140 баллды жинады.
11:06 07.06.2021
Әзірге ол мұндай көрсеткішке жеткен жалғыз оқушы. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, "Білім-Инновация" қоғамдық қорының қызметкері Нұрбол Төлебаев Facebook парақшасында мәлім етті.
"Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 балл алды. Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген Данияр Арманұлы Уәлиев – Павлодардағы ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің биылғы түлегі. Алтын белгі үміткері. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Бірнеше мәрте ҚР чемпионы. Жалпыресейлік жарыстардың жүлдегері. Nur Sultan Оpen халықаралық жарысының чемпионы" – деп жазды Нұрбол Төлебаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!