{metadescription}
Коронавирустың тағы бір қауіпті синдром туғызатыны анықталды

Коронавирустың тағы бір қауіпті синдром туғызатыны анықталды

Ғалымдар қауіпті синдром күш алған сәтте бұлшық еттің күші сарқылып, вегетативтік бұзылу пайда болатынын айтады.

Ғалымдар коронавируспен ауырып шыққан адам Гийена – Барре синдромына шалдығуы мүмкін екенін анықтады. 

"Коронавирустан кейін адамның ағзасында бөлінетін антиденелер жүрек пен терінің аутоимундық ауруларын туғызатын антиденелерге ұқсайды", – дейді мақала авторларының бірі Алекс Рихтнер.

Зерттеуге сәйкес, Гийена – Барре синдромының алғашқы белгілері – аяқ пен қолдың ұйып қалуы, бұлшық еттің ауырсынуы, сондай-ақ координацияның бұзылуы. Дәл осы белгілер коронавирустың жеңіл және ауыр формасымен ауырып шыққан адамдарда анықталды. 

Гийена – Барре синдромы – бұл қабынған аутоиммунды полирадикулоневропатия. Осы синдром кезінде бұлшық еттің күші сарқылып, вегетативтік бұзылу пайда болады. Сонымен қатар, адамның сезімталдылығы да төмендей бастайды.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.