{metadescription}
Өзін-өзі оқшаулау ережесін бұзған қазақстандықтар үлкен көлемде айыппұл төлейді

Өзін-өзі оқшаулау ережесін бұзған қазақстандықтар үлкен көлемде айыппұл төлейді

Карантин режимін сақтамаған коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға 87510 теңге айыппұл салынады.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді. 

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткенін хабарлайды. Бұл талаптарды орындамағандар үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді", - деп жазады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі..

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасының көмегімен анықталады. Карантинге жіберіліп, өзін-өзі оқшаулауға міндеттелген адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалар қолдануға негіз болады.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұлдар коронавирус сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың халық арасында таралуын бақылауға көмектеседі деп үміттенеді", – деп толықтырды комитет. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.