Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жаңа қаулы: Алматыда ас беруге рұқсат етілді
Сауналар, курорттық орталықтар, базарлар мен сауда орталықтары қаланың «сары» аймаққа енуіне байланысты жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
17:47 07.06.2021
Бұл туралы Жандарбек Бекшин айтты. Онлайн брифинг барысында Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға енгізілген өзгерстерді атап өтті.
«Біз объектілерді екі блокқа бөлдік: Ashyq қосымшасына қатыспайтын және Ashyq қосымшасына қатысатын нысандар. Айталық, қоғамдық тамақтану орындары сағат 00:00-ге дейін жұмыс істей алады, бірақ орындар саны 60-қа дейін болу керек. Сонымен қатар, ас беруге рұқсат етіліп жатыр, бірақ шақырылған адамдар саны 50-ден аспауы шарт. «Қызыл» аймақта болған кезде боулинг орталықтары келушілер саны 30%-дан аспайтын көлемде жұмыс істеді, ал қазір бұл көлем 50%-дан аспауы тиіс делінеді, яғни бильярдпен бірдей. Театрлар, кинотеатрлар адам қабылдау көлемінің 40 пайызы деңгейінде жұмыс істей алады, бұрын ол 30 пайызды құрады», - деді ол.
Сондай-ақ ол кезекші топтарда енді 25 баладан оқи алатынын (алдында 15 бала болған) жеткізді, кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы офлайнда жұмыс істеуіне рұқсат, жабық және ашық базарлар ешқандай шектеусіз жұмыс істей алады (алдында олардың жұмысына сенбі, жексенбі күндері тыйым салынған). Ashyq жобасына қатысатын сауналар, курорттар, спорт кешендері, фитнес орталықтар, йога орталықтары да шектеусіз жұмыс істей алады. Жаңа қаулы 8 маусымда күшіне енеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram