{metadescription}
Екі жігіт әлеуметтік желімен 200-ден аса адамды алдаған

Екі жігіт әлеуметтік желімен 200-ден аса адамды алдаған

Нұр-Сұлтанда тұратын алаяқтар 210 қазақстандықтың атына онлайн несие рәсімдеген.

Елорданың 26 және 32 жастағы тұрғындары былтыр қазаннан бастап сәуірге дейін микрокредиттік ұйымдардың бірінде басқа азаматтардың атына онлайн кредит рәсімдеген. Қылмыстық схеманы Қостанай облысының киберқылмыспен күресетін полицейлері анықтады.

Алаяқтар жәбірленушілердің жеке деректерін әлеуметтік желілерден іздеп тапқан. Азаматтардың аты мен тегін, ЖСН-нін пайдаланып, еш кедергісіз онлайн несие алған. Заңсыз әрекет салдарынан 210 адам алаяқтың құрбаны болды. Жәбірленушілер республиканың 12 өңірінде тұрады. Алаяқтар бір адамның атына 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін қарыз алған.

Жәбірленушілердің негізгі бөлігі өз атына кредит алынғанын полициядан білсе, қалғандарына қарызды өтеу туралы телефон қоңырауы мен SMS-хабарлама келген. Алаяқтар азаматтарға 26 миллион 100 мың теңге материалдық шығын келтірді.

Қазіргі таңда күдіктілер Қостанай қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Қаскөйлер ақшаны әртүрлі банктің виртуалды картасына аударып, кейін жеке қажеті мен букмекер кеңселердің ставкасына жұмсаған.

Дереккөз: Polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.