Елордада автокөлік жанып кетті
Нұр-Сұлтанда BMW маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып кетті.
09:36 08.06.2021
«Бүгін, 7 маусым күні сағат 17:12-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері кезекті шақыруға шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнында BMW маркалы автомашинаның қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқанын анықтады. Өрт 17:34-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп түсіндірді елордалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!