Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде балконда асылып тұрған әйел құтқарылды
Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп, енді бірі троспен төбеден төмен түсіп, әйелді ұстап қалды.
11:18 08.06.2021
Өскемен қаласының құтқарушылары үшінші қабаттың балконында асылып тұрған әйелді құтқарды. Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы уақытта Өскемен қаласының 101 қызметіне үшінші қабаттың терезесінде әйелдің құлағалы тұрғаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар келгенде ол кісі балконда асылып тұрған. Күші сарқылуға жақын қалған.
Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп қойды. Ал департаменттің тағы бір қызметкері Шыңғыс Смағұлов төртінші қабаттан троспен төмен қарай түсіп, әйелді ұстап қалды. 40 жастағы әйелді бірден жедел жәрдемге тапсырды. Оның бұл әрекетке неге барғаны белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram