Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада оқушылар емтиханнан кейін ауруханаға түсті
Желіде тараған кейбір деректерде қызметкерлер емтихан жүріп жатқан бөлмедегі кварц шамын сөндіруді ұмытып кеткені айтылады.
12:10 08.06.2021
Елордадағы мектептің төрт оқушысы кварц әсерінен көздері зақымдалды, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Астаналық басқарма ұсынған ақпаратқа сәйкес, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем көмегімен оқушылар жеткізілді. Олар кварц шамының әсерінен кейін өздерін нашар сезінгенін айтқан.
Елордалық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша мектеп оқушылары көпсалалы 2-қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем көлігі арқылы жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында 2004 жылы туған үш бала, сондай-ақ 2005 жылы туған бір бала бар.
"Олардың барлығында жеңіл дәрежелі электрофталмия, көздің зақымдануы бар", – деп хабарлады департамент.
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінде оқушылар кварцтеуге арналған ультракүлгін шам сөндірілмеген кабинетте мемлекеттік емтихан тапсырған. Оқушылар кварц қосылған бөлмеде бір жарым сағат бойы отырған. Кешке қарай олар денсаулығына шағымданған соң жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram