{metadescription}
Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды

Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды

Жеті жыл төтенше жағдайлар министрлігін басқарған Владимир Божко 2016 жылы мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған еді.

Парламент мәжілісі төрағасының бұрынғы орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының құрамына енді. 

"2021 жылғы 1 маусымнан бастап Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының (КӘАҚҚ РОШ) бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Божко Владимир Карпович 1949 жылы 16 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, ал 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген. Мамандығы – "Тау-кен жұмыстарын электрофикациялау және автоматизациялау" және "Жедел құрам".

Әр жылдары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. Генерал-лейтенант шені бар. 2007-2014 жылдары Владимир Божко төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланды.

Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін І дәрежелі "Барыс", ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, КСРО, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің 43 медалімен марапатталған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.