{metadescription}
Павлодарда мас әйел балконнан құлап кетті
Павлодарда бесінші қабаттағы балконнан құлап кеткен мас әйел аман қалған.
14:01 08.06.2021
Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жазатайым оқиға 7 маусым күні сағат 07.10-да Толстой көшесінде орын алған.
"47 жастағы әйел пәтерде мас күйінде болған. 5 қабатта орналасқан пәтерінің балконынан құлап кеткен", - дейді департаментте.
Дереккөз: Рavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!