{metadescription}
Елордалық полицейлер үйрек балапандарын құтқару үшін көшені жапты

Елордалық полицейлер үйрек балапандарын құтқару үшін көшені жапты

Өз күшімен үйректер жанұясына көмектесе алмаған Татьяна Зигель есімді қала тұрғыны полиция қызметкерлерінен көмек сұрап, 102 желісіне хабарласқан.

Тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтанның элиталы аудандарының бірінде үйрек балапандарын құтқару бойынша операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz. Бейбітшілік және келісім сарайына қарсы орналасқан Highvill тұрғын үй кешенінің жанында Татьяна Зигель есімді тұрғын жаяу жүргінші жолында жүгіріп жүрген үйрек балапандарын байқаған. Ана-үйрек балапандарын Пирамида жанында ағып жатқан жылғаға қарай жеткізгісі келгенімен, машиналар жүретін жолдан өткізе алмаған. 

Татьяна Зигель өз күшімен үйректер жанұясына көмектесе алмады. Сонда ол шет мемлекеттерде мұндай мәселеде полиция қызметкерлері көмектесетінін еске түсіріп, 102 желісіне хабарласқан. Тәртіп сақшылары бірнеше минутта оқиға орнына жетіп, жолдағы көлік қозғалысын тоқтатқан. Содан кейін балапандарды қорапқа салып, жолдың арғы бетіне өткізген. Үлкен үйрек жолдан ұшып өтіп, балаларына қосылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.