Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда блогерді сабап, тонап кетті
Алматыда белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті.
17:13 08.06.2021
Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 191-бабы (қарақшылық) бойынша тіркелгенін мәлімдеді.
«Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтін болады», - деп мәлім етті Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Кудрявцев пен оның серіктес блогерлер тобы қоғам арасында қызу талқыланған жағдайларға қатысты түрлі кейіпкерлері бар бейнежазбалар түсірумен айналысады. Сондай-ақ олар Қазақстан қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көтереді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram